• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Талбесік 06 Мамыр, 2025

Көз жауын алған қыр қызғалдағы

60 рет
көрсетілді

Көктемнің бір кереметі – қызғалдақ. Қырдағы табиғи байлықты төрткүл дүниеге таныту мақсатында ұйымдастырылған «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестиваліне әрісі Алмания мен Нидерланд, берісі Украина мен Қырғыз Республикасынан әйгілі ғалымдар келді. Қыр гүлінің тарихи отаны саналатын Қаратау бөктерінде өткен іс-шарада ұлттық құндылықтар ұлықталды.

Бірнеше күнге созыл­ған іс-шараның алғаш­қы күні ғалым­дар­дың қатысуымен конференция өтті. Жиынға қатысқан ға­лым­дар 300-ге жуық қыз­ғал­дақ түрінің патшасына те­лінген Грейг гүлінің тарихи отаны Жамбыл облысы аумағында орналасқан кіші Қаратау аймағы екенін ғылыми тұрғыдан дәлел­деді. Сондай-ақ спикерлер қыз­ғал­дақты сақтау мәселесіне ар­налған ғылыми форумдарды жиі өткізудің маңыздылығына да тоқталды. Ғалымдардың айтуынша, Грейг, Кауфмен, Регель қызғалдақтарын ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне енгізудің маңызы зор.

Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры, биология ғылымдарының докторы Гүлнар Сейітбаеваның айтуынша, елімізде қызғалдақтың 41 түрі өсе­ді. Оның 17 түрі елі­міз­дің Қызыл кітабына енген. Қыр гүлінің әр алуандылығы бо­йын­ша Жамбыл облысы көш бас­тап тұр. Ғалым келтірген дерекке жүгін­сек, өңірде қызғалдақтың 18 түрі кездессе, оның 10-ы Қызыл кітапқа енген гүл санатына жатады.

«Қыз­ғалдақ түрлерінің ең құн­­дысы – Кауфман және Грейг. Ни­дерланд селекционерлері осы гүл­дердің негізінде жаһан бақ­та­ры­ның шырайын ашқан жаңа сұрып­тар шығарды. Ал бұл гүлдер елімізде жайқалып өсетінін қапер­ден шығармаған жөн», дейді ол.

Мамандар қызғалдақ гүлі Жам­был облысының туристік брен­діне айналатынына бек сенім­ді. Олар әлем елдері көз тіккен дала гүлі жай­қалып өскен өңірде қыз­ғал­­­дақ­ты дәріптеу жұмыстары жал­­ғасын табуы ­керек деп па­йым­дайды.

«Ақиқатын айтсақ, көптеген адам қызғалдақтың қай мемлекетте, қай өңірде пайда болғанын біле бермейді. Сондықтан да әр­түрлі нұсқадағы әңгімелерге сеніп жатады. Ал біз осы сапар бары­сында қызғалдақтың тарихи ­отаны Жамбыл облысы екеніне көз жет­кізіп отырмыз. Мұны табиғи жағ­дайлар мен ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі де рас­тап отыр. Сондықтан табиғи бай­лықты сақтап қана қоймай, мәдени-туристік жобаларға сауат­ты енгізудің маңызы зор», дей­ді индерландтық «HBM» ком­пания­сы­ның менеджері Пичча Марсели.

Халықаралық «Қызғалдақ мұ­ра»­ фестивалі әрмен қарай Та­лас­ ау­да­­нындағы Есейхан ауы­лы­­ның­ жоғары жағында, тау бөк­те­рін­де жалғасты. Іс-шара ая­сында жам­был­дық қолөнер ше­бер­лері 200 метр­лік киіз басып, Қазақ­стан­ның «КИНЭС» рекордтар кітабына енді.

«Бұл жұмысқа қолөнершілер ақпан айында кірісті. 100 адам жұмылуының арқасында осындай нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Шығар­машылық топтың күн-түн демей тер төгуінің арқасында қыз­ғал­дақ бейнесі бедерленген керемет­тей бұйымды жасап шы­ғар­дық. Киіздегі өрнекті бел­гілі дизайнер Айдархан Қалиев таң­дады» дейді «Қолөнер Тараз» қо­ғам­дық бірлестігінің төрағасы Раушан Құндызбаева.

Ісмерлердің айтуынша,­ киіз басу үшін дәстүрлі әдіс қолда­нылған. Мамандар жергілікті материал­дарды пай­даланған. Ал рекор­дтар кітабына енгізілген қол­өнер шеберлері­нің туындысы арнайы шынымен қапталып, халық­аралық «Әулиеата» әуе­жайына табыс етіл­мек.

Фестиваль ая­сында­ «Қы­мы­з­­мұрындық» рә­сі­мі ұйым­дас­ты­ры­лып, бие сауу бо­йын­­­­ша жарыс өтті. Сондай-ақ «қа­­зық қағу», «бие бай­­лау» секілді дәс­­түрлеріміз дә­ріп­­­теліп, «қымыз ашы­ту» бо­йын­ша шеберлік сағаты ұйым­дас­ты­рыл­ды.

Халықаралық іс-шара барысында ұлттық спорт түрлері де кеңінен насихатталды. Фес­тивальге келген 300-ге жуық қатысушы ауда­рыспақ, қазақ күресі, қошқар көтеру, садақ ату, асық ату, арқан тарту секілді спорт түрлері бойынша сынға түсіп, өзара мықтыларды анықтады. Ал құмай тазылар жа­рысы шетелдік қонақтардың қызы­ғу­шы­лығын тудырды. Демеу­ші­лер­дің қол­дауымен өткен спорт­тық жарыс­тарда жүлдегер атан­ған­­дарға 3 млн 450 мың теңге ша­ма­­сындағы қаражатқа сыйлық үлестірілді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде ту­ризм­нің барлық түрін дамыту қажеттігін айт­қаны белгілі. Бұл іс-шара өңір­де эко­туризмді өр­кен­детуге мол мүм­­кі­н­дік береді.

Қызғалдақ – ұлт мақтанышы әрі мәдени мұраның айшықты рәмізі. Әуелі Қаратау бөк­те­рінде өскен ғаламат гүл кейін дүние жүзіне тарады. Нидерланд еліндегі бақ­тарды қоса алғанда, қазіргі кезде қыз­ғалдақ гүлі әлем елдеріндегі бақ­тардың сәніне айналды. Сон­дықтан да туған жеріміздің табиғи байлығын әлемге таныту үшін тер төгуіміз керек» дейді өңір басшысы Ербол Қарашөкеев.

Жүздеген шетелдік турист келген фестивальге ұзын саны 5000 адам жиналды. Ең бастысы, әлемнің бірнеше мемлекетінен тісқаққан мамандар Грейг және Кауфман қызғалдағының тарихи отанына ат басын бұрып, мұнда атқарылып жатқан жұмысқа оң бағасын берді.

«Тау бөктерінде өткен іс-шара көңілімізден шықты. Мұндағы табиғи байлық – Нидерланд пен Қазақстан арасындағы мәдени көпір. Тарих пен дәстүр және та­би­­ғат­қа деген махаббат екі ел­ді қалай байланыстыратынын се­зін­­дік. Мұндай бастамалар ын­ты­­мақ­тастықтың көк­жие­­гін ке­ңей­те түседі» дейді Нидер­лан­д­тан келген мейман Ари Велд­хау­зен.

«Қызғалдақ мұра» фестивалі – Жамбыл облысының бірегей табиғи мұрасын сақтау үшін маңызды қадам. Әсіресе Грейг, Кауфман және Регель қыз­ғал­дақтарын ЮНЕСКО-ның Бүкіл­­әлемдік табиғи мұралар тізіміне енгізу және Кіші Қаратау аума­ғында геопарк ұйым­дастыру ұсынысына ерекше назар ауда­рылды. Бұл бастама сирек кез­де­сетін өсімдіктерді сақтау мен экожүйені айрықша қорғауға, сондай-ақ әлем жұртшылығының назарын осы мәселеге аударуға мүмкіндік берді.

 

Жамбыл облысы 

Соңғы жаңалықтар