• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 06 Мамыр, 2025

Полковник көгершін

30 рет
көрсетілді

Жауапкершілік пен жанкештілік адамға ғана тән қасиет деп ойла­сақ, қатты қателесеміз. Бірін­ші дүниежүзілік соғыс кезінде бай­ланыс құралдары шектеулі бол­ған­дықтан, пошта көгершіндері ақпа­рат жеткізуде маңызды рөл ат­қарды.

Солардың ішінде ерекше көзге түскен — №888 көгершін. Ол бірнеше мәрте маңызды мәліметтерді аман-есен жеткізген. Сол себепті Британ армиясы бұл көгершінге полковник шенін беріп, тарихи құрмет көрсеткен еді. Кейін ол әскери салтанатпен жерленіп, нағыз жауынгер ретінде қоштасуға лайық деп танылды.