• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Жәдігер 06 Мамыр, 2025

Паңның кісе белдігі

40 рет
көрсетілді

Арқа өңірі Нұрмағамбет Сағынайұлын (Паң Нұрмағамбет) жақсы біледі. Заманында «жарты патша» атанып, созған қолы Петерборға дейін жеткен адам. Әсіресе 1886 жылы әкесі Сағынай Есұлына ас беріп, осы дүбірлі жиында атақты құлагер тұлпар мерт болғаны тағы бар.

Кеше Паңның ұрпағы, белгілі кәсіпкер Марат Нәби отбасылық мұрасынан атасы Нұрмағамбет Сағынайұлынан қалған кісе белдікті Ұлттық музей қорына тапсырды.

Бұл кісені ертеде Сағынай би ұлы Нұр­мағамбетке арнап жа­сатқан екен. 1976 жылы жазушы Әскен Нәбиев бел­діктің күміс әше­кей­лерін сақтай отырып, былғары бөлі­гін жаңартып, қайта қалпына келтіріпті.

«Жәдігер ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына тән сәндік-қол­дан­­балы өнер үлгісі болып табылатын бұл кісе белдік – қазақ ер-азама­ты­­ның мәртебесі мен талғамын көрсететін маңызды бұйым» дейді Марат Әскенұлы.

Құнды мұраны қабылдап алған музей директоры Берік Әбдіғали мұндай  асыл дүние еліміздің тарихы мен мәдениетін зерттеуге үлкен үлес қосатынын атап өтіп, белдік алдағы уақытта ғылыми айналымға енгізілетінін және арнайы тақырыптық экспозициялар арқылы көрсетілетінін жеткізді.