Түркияда 67 жастағы Рахми Карадемир инсульт алған соң, ана тілін мүлдем ұмытып қалған. Бір қызығы, ол осы жағдайдан кейін дат тілінде еркін сөйлеп кеткен.
Сельчук университеті клиникасының неврология кафедрасының меңгерушісі Гекхан Оздемирдің айтуынша, бұл – сирек кездесетін құбылыс. «Рахми мырза түрік тілін түсініп-ақ тұр. Бірақ ол диалогті тек дат тілінде құрады. Бұл құбылысқа оның өзі де аң-таң. Ғылым үшін де әлі толық түсініксіз осы оқиға адам жадының тылсым тереңдігін көрсетеді», дейді профессор.