• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 16:30

Астанада өтетін Grand Slam турниріне кімдер қатысады

30 рет
көрсетілді

Астанада 9–11 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтетін Grand Slam әлемдік турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылардың есімдері анықталды. Сонымен қатар жарысқа қатысатын құрам толық бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлер:

- 60 келі: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан, Дәурен Суюкенов, Талғат Орынбасар

- 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Ердәулет Бозша, Бауыржан Нарбаев, Мирас Жонысов

- 73 келі: Саясат Сейітқалиев, Қуан Барыс, Бақытжан Әбдурахманов, Есет Қуанов

- 81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек, Азат Күмісбай

- 90 келі: Аян Байғазы, Құдырет Досымов, Айдар Арапов

- 100 келі: Марат Байқамұров, Бейбіт Мадеев, Бақжан Байтас

+ 100 келі: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев, Жамбыл Тұрғыналиев

Әйелдер:

- 48 келі: Диана Буркеева

- 52 келі: Құндыз Жылқытай, Айшабибі Мұрадимова

- 57 келі: Дина Мұханбет, Дана Әбдірова

- 63 келі: Асылжан Орынбасарова

- 70 келі: Аруна Жангелдина, Кристина Сотникова, Диана Телбаева, Анастасия Морозова

- 78 келі: Нәзерке Тілеуханова, Замзагүл Файзолланова

+ 78 келі: Ақерке Рамазанова, Толқын Тұрсынақынова

Айта кетейік, жарысқа әлемнің 48 елінен 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Турнирге кіру тегін.