• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.55
  • EUR:
    596.03
Басты сайтқа өту
Айбын 05 Мамыр, 2025

Төрт ұрпаққа жалғасқан әскери қызмет

110 рет
көрсетілді

ІІМ Ұлттық ұланы Академиясының курсанты Асқар Жалеловтің отбасы ұзақ жылдардан бері әскери қызмет атқарып келеді, деп жазады Egemen.kz.

Арғы атасы – Төкеш Өтеғали екінші дүниежүзілік соғысқа қатысса, атасы – Жалел Төкешов Самарқан қаласында радиобайланыс саласында қызмет еткен, ал, әкесі – Кенжебек Төкешов Ұлттық ұлан қатарында полковник шенінде қызмет етеді. Бала күнінен Отан қорғау ісіне құштар болған ол әскери саладағы радиобайланыс маманы ретінде білім алып жатыр. Осылайша, саладағы қызмет 4 атаға жалғасып, бір әулет әскери династияға айналған.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше Асқар Жалелов – үздік курсант. Қазіргі уақытта ол ішкі істер органдарының байланыс жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу бойынша инновациялық жоба дайындап жатыр.

«Мұның бір артықшылығы – адам факторын болдырмайды. Жобада жүз пайызға дейін бет-әлпетті тану функциясын қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл жүйе Ұлттық ұланға енгізілген Hytalkpro кешені арқылы ұйымдастырылады», дейді курсант А.Жалелов.

Қазіргі уақытта Академияда 700-ге жуық курсант білім алады екен, арасында Тәжікстаннан келіп оқып жатқандар да бар.