«Қазсушар» филиалы Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарында 134 мың гектардан астам жерде сор шаю жұмыстарын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жыл сайын егіс алқаптарында ылғал көлемін ұлғайтып, топырақтың құнарлығын арттырып, ауыл шаруашылығы өнімділігін жақсарту үшін сор шаю жұмыстары жүргізіледі.
«Ауыл шаруашылығы алқаптарына уақытылы және тұрақты су берудің нәтижесінде өңірдің шаруа қожалықтары жақсы өнім алып жатыр. Біздің филиал жергілікті шаруаларды суармалы сумен қамту бойынша белсенді жұмыс жүргізді. Кейбір дихандар алғашқы өнімдерін жинап, ішкі нарықта сатуға және экспортқа жіберіп жатыр», дейді Түркістан облысының «Қазсушар» филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.