MUMKINDIK қайырымдылық жобасының аясында Қарағандыдағы көпбейінді облыстық балалар ауруханасының базасында Қазақстан мен Ресейдің жетекші хирургтарының қатысуымен халықаралық шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мақсаты асқазан-ішек жолдарының ауыр аурулары бар балаларға көмектесу.
Шеберлік сағаты барысында бас сарапшы Ресейдің жетекші балалар хирургы, профессор Игорь Киргизовтың басшылығымен күрделі лапароскопиялық және бейне ассистирлендірілген оталар жасалды. Процесті Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен, оның ішінде Астана мен Петропавлдан келген 25 хирург, сондай-ақ Қарағанды облысының 37 педиатры мен гастроэнтерологы қадағалады. Оқыту іс-шарасының шеңберінде жасалған 11 отаның барлығы сәтті өтті. Бұдан бөлек тағы 18 бала тегін консультация алды. Ота жасалған Давид есімді баланың анасы ұлының дүниеге ануссыз келгенін, баланы шетелде емдетуге қаражаты болмағанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, профессор Киргизовтың өзі келіп ота жасағаны маңызды шешім болды.
Енді қазақстандық дәрігерлер де осындай оталарды өз бетінше жүргізетін болады.