• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:34

Бүгін ауа-райы қалай құбылады

20 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 4 мамырға арналған ауа-райы болжамын жариялады. Синоптиктердің айтуынша еліміздің басым бөлігінде өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа бағытын ауыстырады.  

Астанада күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. 

Қостанай облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.

Ақмола облысында түнде батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың шығысында екпіні 23 м/с болады.

Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік жүреді. Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді. 

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. 

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысында түнде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады. 

Ұлытау облысының шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, Қызылорда облысында, Ақмола облысының батысында, Атырау облысының оңтүстігінде желдің әсерінен жоғары өрт қаупі орын алуы мүмкін. 

Осындай өрт қаупі  Абай, Маңғыстау, Павлодар, Жамбыл облыстарында да сақталады.