• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Өшпес даңқ Кеше

«Батырларға тағзым» порталының таныстырылымы өтеді

50 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан аттанған майдангерлерді еске алу мақсатында «Батырларға тағзым» атты бірегей онлайн-порталы Жеңіс күніне орай арнайы жаңартылған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мол мәліметтер базасы сақталған аталған сайттағы қаншама батырлар туралы жазылған галереядан кез келген қолданушы олардың өмірі мен ерліктері туралы көлемді ақпарат ала алады.

Еске салайық, онлайн-порталды пайдаланушылар – соғысқа қатысқан өз туысының туралы естеліктерін бөлісуге мүмкіндігі бар. Оған қоса, әр қолданушы ардагер туысының суреттерін веб-порталға жүктей алады. Сонымен бірге веб-порталдың дерекқорында жоқ ардагерлердің мәліметтерін оңай енгізуге болады. Ол үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Айта кетейік, 5 мамыр күні ҚР Ұлттық архивінде «Батырларға тағзым» атты бірегей веб-порталының таныстырылымы мен құжаттық көрме өтеді.

Іс-шараның мақсаты – Жеңістің 80 жылдығы халықтардың ерлігін, бірлігін мәңгілік ететін тарихи дата қарсаңында ел тағдырын өз тағдырынан биік қоя білген, ел тұғырын биік ету жолында ерлікпен қаза тапқан һас батыр бабаларымыздың қаһармандықтарына мың тағзым ете отырып, сол соғысқа қатысқан майдангерлерді мәңгі есте сақтау.

«Батырларға тағзым» (https://batyrlarga-tagzym.kz) сайтында қазірдің өзінде 677 000-нан астам ардагер жөнінде, оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі мәрте Кеңес одағының батыры және 19 «Даңқ» орденінің кавалері, «Даңқ» орденінің иегерлері және басқа да ержүрек жауынгерлер туралы кең көлемді мәліметтер базасы мен галереясы бар.

Сонымен қатар іс-шара аясында ұйымдастырылған көрмеге «Батырларға тағзым» сайтындағы ардагерлердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің қорынан алынған Ұлы Отан соғысының ардагерлері Кәри Абитов, Тәңірберген Қалиханов, Хамит Ерғалиев, Мәлік Ғабдуллин, Ермекбаев Серікбаевтың құжаттары, майданда жазған хаттары қойылады.

Іс-шараға ҰОС ардагерлерінің ұл-қыздары, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысады.

Бұл жоба – дүниені дүр сілкіндірген ІІ Дүниежүзілік соғыста ұрпақ алдындағы борышын адал атқарып, ел ертеңі үшін күрескен барша қазақстандық ардагерлерге көрсетілген құрмет әрі болашақ ұрпақтың жадында тарихи шындықтың мәңгі сақталуына жасалған маңызды қадам. Өтетін орны: Астана қаласы, Нұржол желекжолы, 12Ұлттық архиві ғимараты, №414 конференц залУақыты: 5 мамыр 2025 жыл, сағат 11.00

Соңғы жаңалықтар