• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Грейг қызғалдағын жұлған шымкенттік әйелдің жазасы қандай болады?

60 рет
көрсетілді

Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген қызғалдақты заңсыз жұлу дерегі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға сәуір айының басында Ордабасы ауданы, Ұялыжар ауылдық округі аумағында болған. Желіде тараған видеода белгісіз әйел сирек кездесетін Грейг қызғалдағын жұлып жатқаны көрсетілген. Кейіннен полиция оның жеке басы мен Шымкенттен келгенін анықтаған.

Қазіргі уақытта әйелден елден кетпеу және тиісті тәртіпті сақтау туралы қолхат алынған. Ол кінәсін толық мойындаған.

Айта кетейік, іс бойынша сот сараптамасы тағайындалып, гүлдердің расымен Қызыл кітапқа енген түрге жататыны анықталған.

Аталған әрекет ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігі бойынша қаралып жатыр. Бұл бап бойынша 3000 АЕК-ке дейін айыппұл (2025 жылы шамамен 12 млн теңге), 800 сағат қоғамдық жұмыс немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Грейг қызғалдағы (Tulipa greigii) — Қазақстанда, әсіресе Тянь-Шань мен Қаратау тауларында өсетін ерекше және сирек өсімдік. Бұл гүл ерте көктемде (сәуірде) гүлдейді. Гүлдері ірі, ашық қызыл немесе қызғылт түсті, жапырақтары күлгін жолақтармен көмкеріледі. Биіктігі 20–40 см, диаметрі 15 см-ге дейін жетуі мүмкін.

Грейг қызғалдағы бірнеше елдің Қызыл кітабына енгізілген, себебі табиғи ортада жойылып бара жатқан гүлдердің түріне жатады. Оған мекендеу орындарының бұзылуы, адамдардың тым көп жинауы және баяу табиғи көбеюі себеп.

Соңғы жаңалықтар