• RUB:
    6.52
  • USD:
    512.44
  • EUR:
    593.15
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Мамыр, 2025

Жүргізуші куәлігі 400 мың теңге: Шымкентте ХҚКО қызметкерлері ұсталды

130 рет
көрсетілді

2023–2024 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының №2 мамандандырылған ХҚКО басшысы Ж.Р. Мурашимов және бірқатар лауазымды тұлғалар теориялық және практикалық емтихандардан өтпей-ақ жүргізуші куәлігін беру схемасын ұйымдастырған. Бұл қызметтің «құны» 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 500-ден астам адам заңсыз жолмен жүргізуші куәлігін алған.

«Қазіргі таңда тергеу аясында 200 млн теңгеден астам сомаға бағаланған күдіктілердің мүлкіне - 2 жеке үй, 2 пәтер, 2 жер телімі және 10 автокөлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды. Соттың санкциясымен 12 күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», делінген хабарламада.

Қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.