• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Мамыр, 2025

Алматы облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді

100 рет
көрсетілді

Жерасты дүмпулері Қарқара ауылынан 10 шақырым жерде, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 201 шақырым қашықтықта тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Алматы облысы ТЖД мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен 08:19-да болған. Оның эпицентрі Кеген ауданында, Қарқара ауылынан 10 шақырым жерде және Алматыдан 201 шақырым жерде оңтүстік-шығыста орналасқан.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.

«Жер сілкінісі ел азаматтарына сезілмеген және қауіп төндірмейді», делінген хабарламада.