• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Білім Кеше

​​Қорғаншылық органдары жеке басқарма болып құрылады

20 рет
көрсетілді

Үкімет жергілікті атқарушы органдардың базалық құрылымына Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармалар мен бөлімдерді енгізу туралы шешім қолдады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қорғаншылық органдары жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы штаттық шегі аясында құрылады. Белгіленген нормативке сәйкес, әрбір 5 мың балаға кемінде бір маман тағайындалады.

«Бұл бастама арқылы балалардың толыққанды қамқорлықта болуын қамтамасыз етуге бағытталған жүйе негізін құру көзделуде. Осы ретте Оқу-ағарту министрлігі қорғаншылық органдарының мамандарына арналған оқыту тренингтерін ұйымдастырып жатыр», делінген министрлік хабарламасында.