• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Медицина Кеше

Панфилов ауданында төрт емхана ашылды

60 рет
көрсетілді

Жетісу облысының шекаралық Панфилов ауданында төрт ауыл — Алмалы, Қырыққұдық, Тұрпан және Ақжазықта жаңа дәрігерлік амбулаториялар ашылды. Бұл нысандар 9 мыңға жуық тұрғынға заманауи медициналық қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін бұл ауылдарда медициналық көмек ескі, бейімделген ғимараттарда көрсетіліп келген. 2024 жылдың сәуірінде басталған құрылыстар биыл көктемде аяқталып, пайдалануға берілді. Әр амбулатория 448 шаршы метрлік стандартты жобамен салынып, қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Мұнда күндізгі бөлім, зертхана, оңалту бөлмесі және алғашқы көмек көрсету қызметтері қарастырылған.

Ақжазық ауылының тұрғыны, зейнеткер Бағдагүл Ахметова бұл жаңалықты ауылдың дамуындағы үлкен қадам деп бағалады. Ал Панфилов ауданаралық ауруханасының өкілі Алтынай Күдерова ауданда 2024 жылдан бастап 16 медициналық нысанның құрылысы басталғанын атап өтті. Биыл облыс бойынша тағы 35 фельдшерлік-акушерлік пункт, 4 дәрігерлік амбулатория және 20 медициналық пункт салу жоспарланып отыр.