• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Өшпес даңқ Кеше

Майдангер қаламгерлердің шығармалары аудиокітап форматында жарық көрді

40 рет
көрсетілді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жеңістің 80 жылдығына орай алғаш рет тың тарихи-мәдени жобаны іске асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоба аясында қазақ әдебиетінің майдангер өкілдерінің таңдаулы туындылары дыбысталған. Тыңдаушылар енді Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас», Әди Шәріповтің «Партизан қызы», Дихан Әбіловтің «Майданбек», Кемел Тоқаевтың «Солдат соғысқа кетті», Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз», Тайыр Жароковтың «Зоя туралы жыр», Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер» және Әбу Сәрсенбаевтың «Ақша бұлт» секілді шығармаларын кәсіби дикторлардың орындауында тыңдай алады.

Сондай-ақ, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Күткен күн» және Қасым Қайсеновтің «Партизан соқпақтары» атты туындылары да аудиоформатта дайындалып жатыр.

Аудиожазбаларды Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасы арқылы еркін тыңдауға болады. Шығармаларды танымал дикторлар — Марат Болатұлы, Қайрат Ахметжанов, Шыңғыс Үркімбаев, Бекзат Сабыр, Бекзат Сейітмамытұлы және Бағдат Бекмағамбетов дыбыстаған.

Министрліктің хабарлауынша, бұл бастама – майдангер қаламгерлердің ұлт руханиятына қосқан зор үлесін ұлықтап, жастардың тарихи санасы мен патриоттық рухын нығайтуға бағытталған.