• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Өшпес даңқ 29 Сәуір, 2025

Жеңіс мерейтойына орай Алматыда бірегей шара өтеді

30 рет
көрсетілді

Ертең, яғни 30 сәуірде Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде 80 жылдық мерейтойға орай «Ұлы Жеңіс – батырлар рухына тағзым» атты салтанатты іс-шара өтеді, деп жазады Egemen.kz.

«Іс-шара аясында Қазақстан және Ресей архивтерінің 2022-2025 жылдары бірлескен жұмыс жоспары аясында жарияланған «Документальные свидетельства героизма казахстанцев в Великой Отечественной войне (1941-1945 гг.)» атты фотоальбомының тұсаукесері өтеді», деп хабарланды Мәдениет және ақпарат министрлігінен.

Жаңа фотоальбом үш бөлімнен тұрады екен. «Даңқты батырлар» бөлімінде Қазақстанның «Данқ» ордені иегерлерінің фотопортреттері мен олардың соғыстан кейінгі ғұмырын баяндайтын материалдар жинақталса, «Жауынгер әйелдер» бөлімінде ерліктері аз айтылған Қазақстанның әйел-ардагерлерінің фотоқұжаттары ұсынылған, ал «Еңбек майданының алдыңғы шебінде» бөлімінде тыл еңбеккерлерінің майданға қосқан үлесін бейнелейтін фотосуреттер қамтылған екен.

Айта кетейік, барлығы 383 бірегей фотоқұжат ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жинақталған.