Астанада «Е-41 көшесінен Е32 (Әйтеке би) көшесіне дейінгі учаскеде Ж.Молдағалиев көшесінің құрылысы» жобасы іске асырыла бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, құрылыс жұмыстарына байланысты 2025 жылғы 29 сәуір мен 30 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы толықтай тоқтатылады. Осы кезеңде көлік қозғалысы балама көшелер мен кварталішілік жолдар арқылы ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, қала тұрғындарына қоғамдық көлік бағыттарындағы өзгерістерді алдын ала ескеріп, қозғалыс жоспарын қайта қарау ұсынылады. Қолайсыздықтарды азайту және жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыт көрсеткіштері орнатылады.