Жетісу өңірінде бүгінде қала халқының 100 пайызы, ауыл халқының 99,5 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылған. Жыл соңына дейін 331 елді мекеннің барлығы (694,2 мың адам) таза ауыз суға қол жеткізеді деп күтілуде.
2022-2024 жылдары өңірде 420,5 шақырым су құбыры жаңартылып, 24 ауылда су сапасы жақсарды. Қаратал және Алакөл аудандарында төрт ауыл орталық су жүйесіне қосылды. Әсіресе Қаратал ауданындағы шалғай Көпбірлік ауылында тұзды су мәселесі шешіліп, тұрғындар сапалы су тұтына бастады.
Текелі қаласында да көптен бері шешімін таппай келген ауыз су мәселесі оң нәтижеге жетті. Бұрынғы ескі сүзгі стансасы жаңартылып, жаңа су резервуарлары мен 16,5 км су құбыры салынды. Қазір барлық жұмыстар аяқталу сатысында, мамыр айында толық пайдалануға беріледі. Сонымен қатар ішкі су жүйелерін жаңарту басталып, оған қосымша қаржы бөлінді.