• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Үкімет 29 Сәуір, 2025

Президент тапсырмаларын назарға алды

30 рет
көрсетілді

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен бюро отырысы өтті. Онда депутаттар Сенаттың Іс-шаралар жоспарын іске асыру аясындағы міндеттерді талқылады.

Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессия­сында белгілеп берген этнос­аралық қатынас сала­сын­дағы міндеттерге назар аударды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық келі­сім саласындағы бірқатар ма­ңызды бастаманы айқындап берді. Бұл ретте «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының өңірлермен өзара іс-қимы­лын одан әрі нығайту және жалпыұлттық бірлік идеяларын ақпараттық тұрғыдан белсен­ді түрде дәріптеу қажет екені айтылды. Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің аталған бағыттағы рөлін де ерекше атап өтті. Осы орайда сенаторлардың елдегі қоғамдық келісімді нығайту­ға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және Әділетті Қазақстан қалыптастыруға қажетті берік заңнамалық база құруды көздейтін жұмысы айрықша мәнге ие», деп палата төрағасы әріптестерін Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы іске асыру жолында одан әрі белсенділік танытуға шақырды.

Сонымен қатар сенаторлар осы аптада өтетін комитет отырыстарында қаралатын тақырыптарды пысықтады. Атап айтқанда, депутаттар әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін медициналық қамтамасыз ету, Ұлттық қор қаражатын басқару тиімділігін арттыру, жылу энергетикасы және ветеринарлық қызмет саласын дамыту мәселе­лерін талқылайды. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілері­не экономикалық құқық бұзу­шылықтардың жекелеген түр­лерін қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдас­тыруға (жылыстатуға) және тер­роризмді қаржы­ландыру­ға қарсы іс-қимыл туралы заң­намасын жетілдіру мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заңды жүзеге асыру ая­сында кәсіп­керлік субъектілері­нің құқық­тарын қорғау мәселелеріне арнал­ған дөңгелек үстел ұйым­дас­тырылады. Іс-шарада депу­таттар мүдделі тараптармен бірлесіп, аталған саладағы түйт­кілдерді шешу және оны дамыту тетіктерін талқылайды.