• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Пікір 29 Сәуір, 2025

Қоғам тыныштығы – ортақ жауапкершілік

30 рет
көрсетілді

30 жылдыққа арналған мерейтой сессиясы жоғары деңгейде өтті. Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлының баяндамасындағы басым бағыттар бүгінгі нақты жұмыстар бағытын айқындады.

Ассамблея еліміз­дегі этносаралық тату­лық пен келісімнің отандық мо­делін қа­лып­тастырып, әлем­ге үлгі боларлық деңгейге жетті. Бұл – үлкен мәр­тебе. Енді осыны жетілдіруіміз керек. Ол үшін этносаралық қа­тынастарға ерекше назар аудару қажет. Жаңаша тәсіл зерт­теу­лер­ге сүйеніп жүргізілуге тиіс.

Қоғам әртекті. Кейде базбіреулер бір­лігімізге көз алартып қа­рай­ды. Елдегі татулықты бұза­тын, этносаралық қа­рым-қатынасқа сызат түсіретін кез келген әрекет заң аясында қатал жауап­кер­шілікке тартылатынын Мемлекет басшысы нақты айтты. Бұл сөз мені ерекше қуантты. Себебі біз, ардагерлер, көп жыл бойы бірлік пен ке­лі­сімді сақтау үшін қажыр­лы ең­бек еттік. Қазір де әр кездесу не жиын бол­сын, жастарға, жалпы қоғам­ға «Заң мен тәр­тіп» қағи­датын қатал ұста­нуға үндеймін. Өйткені елдегі ты­­­ныш­­тықты, достықты сақтау – әр азаматтың жауап­кер­­ші­лігі.

Мен Қазақстан хал­қы Ассамблеясының ардагері ретінде бо­ла­шақта еліміздің бір­лігін, татулығын сақ­тауға бағытталған барлық бас­таманы қолдаймын. Бірліктің арқасында елі­міздің эко­но­микасы өрлейді, әлеуметтік тұрақ­ты­лық артады. Бұл – өмірден алынған ақиқат.

 

Икрам ХАШИМЖАНОВ,

«Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы