Бұл жағдай – аталған паркте табиғатты сақтау үшін қолайлы жағдайлардың бар екендігін айғақтайды, деп жазады Egemen.kz.
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерінің айтуынша, аталған жабайы жануар парк аумағында ағымдағы жылы екінші рет кездесіп отыр.
Осылайша, Қазақстанның Қызыл кітабына енген «тау падишасы» екінші рет фототұзаққа таспаланып қалған.
Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасып жатыр.