• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Сәуір, 2025

Ұлттық ұлан сарбаздары Большая Малышка ауылына көмекке келді

30 рет
көрсетілді

Есіл өзенінің су деңгейі көтеріліп Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар ауданына қарасты Большая Малышка ауылында тұрғызылған бөгет бұзылды. Апат салдарын жою мақсатында 100-ден астам Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6637 әскери бөлімінің сарбаздары Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірге бөгетті бекіту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Табиғи апаттың алдын алу үшін 500-ден астам инертті материал салынған қаптар дайындалып, судың жайылуына бөгет жасау үшін қолданылған.

«Айта кету керек, бұл учаскеде әскери қызметшілер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Ұландықтар жағдайдың өзгеруіне байланысты шұғыл әрекет етіп, елді мекен мен жергілікті тұрғындардың мүлкін қорғау шараларын қабылдады», деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Бұған дейін Тепличное ауылында бөгетті нығайту үшін 1000-нан астам Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жұмылдырылған болатын. Бұл жұмыстардың барлығы бөгеттің бекітілуіне және табиғи апаттың алдын алуға бағытталған.