Есіл өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысында қорғаныс білігін нығайту жұмыстары жасалып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау үшін, тасқынға қарсы қорғанысты күшейту жұмыстары, нақты атағанда СҚО-ның Қызылжар ауданының Тепличное, Вагулино, Прибрежное, Ольшанка, Соколовка, Большая Малышка ауылдарында жүргізіліп жатыр. Ал Петропавл қаласының Заречное ауылында су айдау жұмыстары жүргізіліп, тәулігіне 65 500 текше метр су алынып отыр.
Мониторинг жүргізу қолға алынған, эвакуациялық бекеттер дайындалған, жағдай – Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында тұр.
«Барлығы 2010 адам, 152 бірлік техникасы ТЖМ , ІІМ, ҚМ, ЖАО және ТЖМ Әскери бөлімдері жұмылдырылды. Тәулігіне 81 300, ал барлығы 351 675 қапшық дайындалып, төселді», деп хабарлады ТЖМ-нің баспасөз қызметі.