Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің (ЭТД) мамандары биыл қаржы пирамидаларын жасаушыларға қатысты үш қылмыстық іс қозғалғанын жариялады. Бұл істерде 800-ден астам алданған «салымшы» тіркелген. Ал қолды болған қаражат көлемі 100 миллион теңгеден асқан.
ЭТД басқармасының басшысы Қайрат Нұрахметов журналистерге берген брифингте үш істің біреуі сотқа жіберіліп, қалғандары әлі тергелуде екенін жеткізді.
«Сот қараған іс акцизделетін темекі өнімдерінің сәйкестендіру құралдарынсыз заңсыз айналымы фактісі бойынша еді, соған қатысты үкім шығарылды. Тергеу барысында 35 мың қорап темекі тәркіленді. Үкім бойынша мемлекет кірісіне 50 миллион теңге тұратын екі автокөлік тәркіленді, олар кейін мемлекет кірісіне айналатын болады. Кінәлі адамдар бір жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталды. Алайда әлі үкім заңды күшіне енген жоқ», — деді ол.
ПЕТРОПАВЛ