• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Өшпес даңқ 25 Сәуір, 2025

Жеңіс күніне орай ескерткіштер маңы абаттандырылды

60 рет
көрсетілді

Жеңістің 80 жылдығы аясында Қазақстанда «Ерлікке тағзым» республикалық апталығы басталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Акция барысында ел бойынша жалпы 86 іс-шара жоспарланған. Шараларға 10 мыңға жуық волонтер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері атсалысады. Волонтерлер ескерткіш аймақтарын абаттандырып, монументтерді қалпына келтіріп, ескерткіш маңын тазалайды. Сонымен қатар ардагерлерге де көмек көрсетеді.

Осы бағыттағы іс-шаралар Абай, Ақмола, Қостанай және Атырау облыстарында өтіп жатыр. 

«Ерлікке тағзым» апталығы — ардагерлердің ерлігін ұлықтап, жастарды отансүйгіштікке баулуға арналған маңызды бастама. Бұл бастама өткен мен болашақтың арасындағы байланысты нығайтып, қоғамда ортақ құндылықтар қалыптастырады», делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарламасында.