Оқиға Достық көшесінде болған. Nissan маркалы автокөліктің жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған ер адамды қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам белгіленбеген жерден өтпек болған кезде жүргізуші оған соқтығысқан.
Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізіліп, оған тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.