• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Сәуір, 2025

Алматы дәмханасында ер адам ұсақ бұзақылықпен ұсталды

30 рет
көрсетілді

Жуырда қаладағы дәмханалардың бірінде мекеме қызметкерлерін балағаттаған 45 жастағы ер адамның жеке басы анықталып, ұсталды, деп жазады Egemen.kz. 

Қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық қылғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот қаулысымен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

«Кез келген жанжалды жағдай заң шеңберінде шешілуі керек. Балағаттау, қорқыту, агрессия әділ шешімге әкелмейді, керісінше мәселені ушықтырады. Біз азаматтарды заң талаптарын сақтауға, келіспеушіліктер туындаған жағдайда құзырлы органдарға хабарласуға шақырамыз», деді, Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы Мақсат Пшан.