Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бастығы Дәурен Тоқушынов Тұрақтылық қорына сақталған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қатарындағы картоп өтпей жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Рыноктағы бағасы қымбаттаса да килограмы 115 теңге болатын 12 тонна және 200 теңге болатын 800 килограмм картоп тұрақтылық қорының қоймаларында жатыр. Халық біздің арзан картоптарымызды алмай «Южный» базарынан килограмы 300-350 теңге тұратын картопты алады. Біз айына 200 тонна картоп сататын шығармыз деп жоспарлаған едік, бірақ одан әлдеқайда аз сатып жатырмыз. Осыған қарағанда халықтың қаражаты жеткілікті сияқты», дейді ол.
Қазір өтпей жатқан картоп шіріп кетпес үшін жекеменшік компанияларға беріліп жатқан көрінеді. Олар күзде осы бағамен тұрақтылық қорын картоппен толтырмақ.
Петропавл