• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Сәуір, 2025

Өзбекстан Гүлнара Каримованың босатылуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді

40 рет
көрсетілді

Өзбекстанның Жоғарғы соты елдің экс-президентінің қызы Гүлнар Каримованың түрмеден босатылғаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.

Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Азиз Абидовтің айтуынша, Каримованың түрмеден босатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол қамауда қалды.

Гүлнара Кәрімованың Ташкент облысындағы колониядан босатылғаны туралы ақпарат «Uzbekistan Vision 2030» траст қорының жұмысына арналған баспасөз мәслихаты қарсаңында пайда болды. Қор марқұм мемлекет басшысының қызына қарсы қозғалған қылмыстық іс аясында Швейцарияда тәркіленген және Өзбекстанға қайтарылған қаражатты ашық әрі тиімді бөлу үшін құрылған.

Өзбекстан мен Швейцария арасында Өзбекстан халқының мүддесі үшін тәркіленген активтерді қайтару туралы бірінші келісімге 2022 жылдың тамызында қол қойылған. Келісім Өзбекстанға 131 миллион долларды қайтаруды қарастырған.

2025 жылдың ақпанында Өзбекстан мен Швейцария Каримованың активтерін қайтару туралы тағы бір келісімге қол қойды. Қосымша 182 миллион долларды Швейцария Өзбекстан халқына «Uzbekistan Vision 2030 Trust Fund» арқылы қайтарады. Қайтарылған қаражаттың жалпы сомасы 313 миллион долларды құрайды.

Бұған қоса, сәуір айында Бельгия билігі телекоммуникация саласындағы келісім-шарттарды жасау кезінде сыбайлас жемқорлық және ақшаны жылыстату ісі бойынша тәркіленген 108 миллион долларды Өзбекстанға аудару туралы шешім қабылдады. Қаражат Өзбекстанның сот органдарының талабы бойынша тәркіленді.

2015 жылы Гүлнар Каримова бес жылға бас бостандығынан айырылып, кейін 2019 жылы жалпы режимдегі колонияға ауыстырылды. 2020 жылы наурызда ол «мемлекет қаражатын жымқырғаны және Өзбекстанның мүддесіне қайшы мәмілелер жасағаны үшін, сондай-ақ басқа біреудің мүлкін аса ірі көлемде тәркілегені үшін» тағы 13 жыл төрт айға сотталды.