24 сәуір күні Қазақстанның 16 өңірі мен Астанада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
АстанаТүнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.
АлматыКүндіз найзағай ойнайды.
Абай облысыТүнде және күндіз найзағай күтіледі, түнде және таңертең оңтүстікте тұман. Желдің бағыты ауысып, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15–20 м/с.
Ақмола облысыТүнде және таңертең оңтүстік пен шығыста тұман түсіп, солтүстік пен шығыста 3 градусқа дейін үсік болады.
Атырау облысыБатыс, солтүстік және оңтүстікте найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні - 15–20 м/с.
Алматы облысыКүндіз орталық пен оңтүстікте, таулы аудандарда найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.
Ақтөбе облысыКүндіз батыс пен оңтүстікте желдің екпіні - 15–18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысыТүнде және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шығыста тұман түседі. Желдің жылдамдығы - 15–20 м/с.
Жамбыл облысыКүндіз солтүстік пен таулы аудандарда найзағай ойнайды. Таулы аймақтарда тұман түседі, жел екпіні - 15–20 м/с.
Жетісу облысыТүнде солтүстік пен орталықта найзағай ойнайды, Алакөл көлдері маңында жел екпіні - 25 м/с дейін.
Батыс Қазақстан облысыНайзағай ойнап, тұман түседі. Жел екпіні - 15–20 м/с.
Қарағанды облысыКүндіз батыс, оңтүстік және шығыста найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел екпіні - 15–20 м/с.
Қостанай облысыКүндіз найзағай ойнап, түнде оңтүстікте тұман түседі. Солтүстік-шығыста - 1 градус үсік.
Қызылорда облысыОрталық пен шығыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысыНайзағай ойнап, шығыста шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні - 15–20 м/с.
Павлодар облысыТүнде солтүстікте жаңбыр мен қар жауады. Топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Жел екпіні - 15–20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысыЖел екпіні - 15–20 м/с, түнде солтүстікте 3 градусқа дейін үсік күтіледі.
Ұлытау облысыКүндіз найзағай ойнап, жел екпіні - 15–20 м/с дейін жетеді.
Барлық өңір тұрғындарына ауа райына байланысты барынша сақ болуға және алдын ала дайындалуға кеңес беріледі.