• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Сәуір, 2025

Алматыда такси жүргізушісін ұрған күдікті ұсталды

30 рет
көрсетілді

Алматы қаласында такси жүргізушісіне күш қолданған күдікті қолға түсті. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Прокуратурамен бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, 32 жастағы ер адам 19 жастағы қала тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды.

«Күдікті полицияға жеткізілді. Онда қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ол өз кінәсін мойындады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасып жатыр», делінген хабарламада.

Алматы қалалық полициясы заң бұзушылықтың әрбір фактісі жіті бақылауда болатынын және құқықбұзушылықтарға қатаң заңды баға берілетінін атап өтті.