• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Сәуір, 2025

Астанадағы шолу дөңгелегінде Абайдың портреті пайда болды

40 рет
көрсетілді

Елордада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, қаланың басты нысандарының біріне айналған шолу дөңгелегінде LED жарықтандыру арқылы Ұлы ақынның портреті бейнеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Диагоналі 65 метрді құрайтын алып инсталляция 53 мың пиксельден тұрады және түнгі қала келбетіне көрік беріп, алыстан анық көрінеді. Абайдың бейнесі Сарыарқа мен Тұран даңғылдарынан, сондай-ақ Қорғалжын тас жолы жағынан көзге түседі.

Бұл бастама ұлы тұлғаның рухани мұрасын ұлықтауға бағытталған. Жоба авторлары инсталляцияны одан әрі толықтырып, шолу дөңгелегі арқылы Абай Құнанбайұлының қанатты сөздері мен өлең жолдарын жариялауды жоспарлап отыр.