• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Сәуір, 2025

Оралда алты жасар баланы жүк көлігі қағып кетті

30 рет
көрсетілді

Оқиға Орал қаласындағы Брусиловский көшесінде КамАЗ жүк көлігінің қатысуымен болған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қайғылы оқиға сәуірдің 21-і күні кешке орын алған. Полицейлердің мәліметінше, бала жолды тиісті емес жерден кесіп өткен. 

«Бала түрлі дене жарақаттарымен облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, бала бас-ми және әртүрлі дене жарақаттарын алған.