Сауд Арабиясында Қазақстанның өтініші бойынша алаяқтық жасады деген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауд Арабиясы Қазақстанның сұрауы бойынша алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі хабарлады.
«Эр-Рияд қаласында ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен (алаяқтық) халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды», делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, 2018 жылдың жазында Алматы қаласында күдікті Өзбекстаннан көкөніс пен жеміс-жидек әкелеміз деген желеумен қала тұрғынынан 5 миллион теңге алып, жоғалып кеткен.