Алматы облысында 20 жылдан астам уақыт пәтер жалдап күн кешіп келе жатқан көпбалалы ана Гүлсайран Оспанова қалталы азаматтың қолдауымен баспаналы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Г.Оспанова ауыр дертке шалдыққан. Ол 20 жылдан астам уақыт жалдамалы пәтер жағалап жүрген. Отбасының баспаналы болуына «Астарлы ақиқат» бағдарламасы себепкер болды.
Барар жер, басар тауы қалмаған ана студияға қайғысымен бөлісуге келген. Қол ұшын беретін қалталы азамат та табылды. Осылайша, көмекке мұқтаж отбасы баспаналы болды.