• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Сәуір, 2025

Шабандоздар 33 медаль еншіледі

30 рет
көрсетілді

Елордалық спортшылар халықаралық конкур жарысынан 33 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Беделді ат жарысына Астананың атынан «Арғымақ» ат-спорт кешенінің шабандоздары қатысып, 12 алтын, 10 күміс, 11 қола жүлде олжалады.

Жарыс балалар, жасөспірімдер, ересектер, яғни, үш жас санаты бойынша ұйымдастырылды.

«Балалар» номинациясы тұрғысында астаналықтар үшін бұл – алғашқы халықаралық жарыс болды. 

Конкур жарысы Ресейдің Челябинск қаласында өтті.