• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Мәдениет 23 Сәуір, 2025

Бүгін елімізде алғаш рет кітап күні атап өтіледі

90 рет
көрсетілді

Бүгін, 23 сәуірде Қазақстанда алғаш рет маңызды мәдени мереке - Ұлттық кітап күні ресми түрде мерекеленеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді.

Жаңа мереке күнін енгізу туралы Үкімет қаулысы 2024 жылғы 16 шілдеде күшіне енді.

Мемлекет басшысы қоғамда кітап оқудың жоғары мәдениетін дамытудың және қазақстандықтар арасында әдебиетті насихаттаудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті.

«Шындығында, кітап оқитын халық қана зиялы бола алады. Біз өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуымыз керек. Бұл, әсіресе, әлеуметтік желілер заманында өте қиын екенін түсінемін. Бірақ біз бұл мәселені шешуіміз керек. Басқа жол жоқ», деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында (2023 жыл). 

Президент сондай-ақ Қазақстан нарығындағы көркем әдебиеттің 90 пайызға жуығы шетелден келетініне алаңдаушылық білдірді.

«Еліміздің ерекшелігін көрсететін, ұлттық мүддемізге сай келетін кітаптарды барынша көп басып шығару өте маңызды. Біз смартфонның балаға арналған кітапты алмастыруына жол бере алмаймыз. Бүгінгі таңда еліміздің мектеп кітапханаларында 130 миллион кітап бар. Дегенмен, олардың арасында көркем әдебиеттің үлесі мардымсыз», деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы «Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыруды, қазақ әдебиетінің балаларға арналған түрлі кезең мен жанрларды қамтитын шығармаларының тізімін қалыптастырып, қолжетімді етуді тапсырды.