• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Сәуір, 2025

Рим Папасын жерлеу рәсімі 26 сәуірде өтеді

30 рет
көрсетілді

Рим Папасы Францискті жерлеу рәсімі 26 сәуір, сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

2025 жылы 21 сәуірде Рим Папасы Франциск өзінің Casa Santa Marta резиденциясында 88 жасында қайтыс болды.

Ол инсульттан және қайтымсыз жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмған.

Рим папасының жерлеу рәсімі күрделі және салтанатты рәсімнің бірі, бірақ 2024 жылдың сәуірінде Франциск рәсімдерді айтарлықтай жеңілдетуді бұйырған.

Айта кетейік, бұған дейін католик шіркеуінің келесі басшысы кім бола алатынын және оның қалай сайланатынын жазған едік.