Астананың №1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің қыздары әлем кубогінің екінші кезеңінде 39 елдің үздіктерімен тайталасты, деп жазады Egemen.kz.
Атап айтқанда, елордалық «Фурор» командасы құрамында Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Аида Хакимжанова, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова, Мәдина Мырзабай лентамен өнер көрсетіп, қола медаль иеленді. Осылайша Қазақстан оқ бойы оза шауып, үздік үштікті түйіндеді.
Байрақты бәсекеде 1-орынды Қытай құрамасы, ал 2-орынды Израиль командасы жеңіп алған.