• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Елорда 22 Сәуір, 2025

Астанада жылу беру маусымы аяқталды

30 рет
көрсетілді

Астана қаласының әкімдігі қалада 21 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшірілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.  

Жылу алдымен тұрғын үйлерде, кейін әлеуметтік нысандар мен әкімшілік ғимараттарда өшірілді. 

Қазгидрометтің хабарлауынша, Астанада 22 сәуірде жаңбыр жауып, күндіз термометр 23 градусқа дейін көтерілсе, түнде 9 градусқа дейін салқындайды.

Синоптиктер атмосфералық фронттардың өтуімен бүгін елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, жауын-шашын, солтүстік және орталық аймақтарда үсік жүретінін болжады.