• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2025

Алматыда көкөніс тапшылығы байқалды

30 рет
көрсетілді

Былтыр жиналған көкөніс сапасының төмендеуіне байланысты желілік супермаркет сөрелерінен әлеуметтік маңызы бар өнімдердің кейбір түрі көрінбей кетті. Әдеттегі көкөністің тапшылығы бағаның өсуіне әкеліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бір арзандаса, бірі қымбат. Жекелеген көкөністердің тапшылығы аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары санатындағы бағалар көпбағытты сипат алған. Сонымен, сүзбе, ұн, бірінші санаттағы тауық жұмыртқасы мен бірқатар көкөністердің бағасы өссе, макарон, түйіршіктелген қант және айран құнының төмендеуі байқалады. Қаланың кейбір ірі супермаркеттерінде сақтау кезінде сапасы нашарлаған картоп пен пияз уақытша сатудан шығарылды. Нәтижесінде тұтынушылар бұл көкөністерді оралған түрде жоғары бағамен сатып алуға немесе есік алдындағы дүкендерден балама іздеуге мәжбүр.

Соңғы апталарда сәбіздің бір килограмы 21 теңгеге қымбаттап, 187 теңгеден сатылып жатыр. Былтырғы қырыққабаттың бағасы сәл өскен (183 теңгеге дейін). Сондай-ақ сатылымда қырыққабаттың наурыз айынан бері өзгермеген 349 теңгелік жаңа дақылы бар.

Азық-түлік санатында бірінші сортты ұн бағасы өсіп, екі килограмдық бума 597 теңгеге дейін қымбаттады. Кейбір дүкендерде сол қаптамадағы жоғары сұрыпты ұн акция бойынша 555 теңгеге ұсынылады. Түйіршіктелген қант наурыз айынан кейін килограмына 423-тен 399 теңгеге дейін қайта арзандады. Бағаның төмендеуі макарон санатында да тіркелді (бір келісіне 299 теңгеден 286 теңгеге дейін). Күріш, нан, тұз және күнбағыс майының бағасы тұрақты. Күріштің бір келісі – 396 теңге, күнбағыс майы – литріне 781 теңге. Өндірушіге байланысты зауыттық пішінді нанды 97-140 теңгеге, тұзды 79 теңгеге сатып алуға болады. Ет (3050 теңге/кг), сүт (қаптамасы 403 теңге) және сары майдың (578 теңге) бағасы өзгеріссіз қалды. Бірінші санаттағы жұмыртқаның ондығы шамамен 584 теңгені құрайды. Бұл ретте жеңілдікті бағамен «іріктеулі» санатындағы жұмыртқаның 30 данасы 1539 теңгеге сатылады. Айранның қаптамасы 445 теңгеден 439 теңгеге дейін сәл түссе, сүзбенің 0,5 кг қаптамасы бұрынғы 795 орнына қазір 889 теңге тұрады.