• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 21 Сәуір, 2025

Қазақстанның солтүстік аймақтарында үсік жүреді

0 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Атмосфералық фронттардың өтуімен елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады. Жаңбыр, найзағай, түнде солтүстікте, шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын болады деп болжанып отыр.

«Тек Ақтөбе, Қызылорда облыстарында антициклон сілемінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады», делінген синоптиктер болжамында.

24 сәуірде Солтүстік Қазақстан, Павлодар қаласында 3 градусқа дейін, 22 сәуірде Қарағанды облысында 1 градусқа дейін, 22-23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысында 1-8 аязға дейін, 24 сәуірде Ақмола, Қостанай облыстарында 1-3 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді.