• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Елорда 21 Сәуір, 2025

Елордада бір көше ішінара жабылады

0 рет
көрсетілді

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Бөкеев көшесіне орташа жөндеу жүргізеді. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Осыған байланысты  20-30 сәуір аралығында Оқжетпес көшесінен тұйыққа дейінгі учаскеде Ш.Бөкеев көшесінде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. 

Әкімдік көрсетілген учаскедегі жөндеу жұмыстарына байланысты жол қозғалысын алдын ала ұйымдастыруды еске салады.