• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Сәуір, 2025

Бүгін – Мемлекеттік күзет қызметі күні

10 рет
көрсетілді

Кәсіби мерекенің иелері мемлекеттік маңызы бар тұлғалар мен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл күн елімізде 2014 жылдан бері аталып келеді. 

Мемлекеттік күзет қызметкерлерінің негізгі міндеттер төмендегідей: Ел Президентінің, сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Мемлекет басшысы бекітетін лауазымды адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Күзетілетін нысандардағы және күзетілетін тұлғалар келетін тұратын жерлердегі мүлікті қорғау, қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қадағалау; Объектілерді және қорғалатын тұлғаларды төнетін қауіптерді анықтап, бейтараптандыру; Терроризмге қарсы іс-қимыл; Мемлекеттік рәміздерді қорғау.