• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Денсаулық 20 Сәуір, 2025

Жараланған жауынгерлер Солтүстік Қазақстанда да емделген

0 рет
көрсетілді

ІІ Дүниежүзілік соғыс жылдарында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында эвакуцияланған алты госпиталь орналастырылған. Петропавл қаласындағы қазіргі Ғабит Мүсірепов көшесіндегі зиратта сол госпитальдарға жеткізілген 447 қызыләскер ауыр жарадан қаза тауып, жерленген. Олардың басына аты-жөндері жазылған белгілер орнатылған.

Жергілікті билік соғыс жылдарында госпитальға жеткізілген жауынгерлерге барлық жағдайды туғызу туралы арнайы қаулы қабылдаған. Госпитальдарға ІІІ рангілі әскери дәрігер Адамов, ІІ рангілі әскери дәрігер Куницкий және т.б. басшылық жасаған. Соның ішінде №3813 госпитальде контузия алып, психоневрологиялық соққыға ұшыраған жаралылар болған. Оларға арнап, көңілдерін көтеру үшін госпиталь қызметкерлері және жұмыстан босаған әншілер мен музыканттар концерттер де қойып отырған.