Биылдан бастап солтүстікқазақстандық жол сақшылары қоғамдық тәртіп пен жол ережесінің сақталуын дронмен бақылайтын болды.
Қаланың ішінде бейнекамералар орнатылмаған жерлердегі жол тәртібін енді дрондар бірден көрсетеді. Олар тіпті қоғамдық жерде темекі шеккендерді, абаттандырылған аймақтарға қоқыс тастағандарды да бірден көрсете алады. Сонымен қатар машинаның рөлінде отырып телефонмен сөйлескендерді, қауіпсіздік белдемшесін тақпағандарды да түсіріп отырады.
Ал жазық даладағы жолдарда қауіпті алаңдарда қарсы бетке шығып кеткендерді, дұрыс маневр жасамағандарды да құтқармай, бейнетұзаққа түсіріп алады.
Жол тәртібін бақылаушылар дрондардың жұмысын жоғары бағалауда.
Солтүстік Қазақстан облысы