Қызылорда облысы Арал ауданында жергілікті тұрғын қоғамдық орындарда былапыт сөйлеп, тыныштықты бұзыпты, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданған. Әкімшілік іс ашық сот отырысында қаралып, сот қаулысымен тұрғын 10 тәулікке қамаққа алынды.
Осы сотқа облыс көлемінде өтіп жатқан «Жасөспірім» жедел профилактиалық шарасы аясында жасөспірімдер де қатысты. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алумен айналысып жүрген мамандар осы осы арқылы жастарға теріс қылық жасағандар жазадан құтылмайтынын көрсеткісі келіпті. Сот төрағасы оқушыларға тәрбиелік мәні бар түсіндірме жасады.
Сот процесінен кейін жасөспірімдер полиция қызметкерлеріне сауал қойып, кеңестер алды.