25-27 сәуір аралығында Таиландтың астанасы – Бангкокта дзюдодан Азия чемпионаты өтеді. Бұл жарыста 30 мемлекеттен келген 295 балуан бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сары құрлықтың басты додасында Қазақ елі намысын мына дзюдошылар қорғайды: Ерлер – Нұраділ Әлжан (60 кг), Шерзод Давлатов (60 кг), Ержан Еренқайыпов (66 кг), Есет Қуанов (73 кг), Мәди Амангелді (81 кг), Азат Күмісбай (81 кг), Ермахан Әнуарбеков (90 кг), Максим Мейірлан (90 кг) және Ерасыл Қажыбаев (+100 кг). Әйелдер – Ғалия Тынбаева (48 кг), Диана Буркеева (48 кг), Толғанай Әбеуова (52 кг), Бақыт Құсқабаева (57 кг), Эсмигүл Куюлова (-63 кг), Кристина Сотникова (70 кг), Назгүл Маратова (+78 кг) және Ақерке Рамазанова (+78 кг).
Сондай-ақ, қосалқы құрамда Талғат Орынбасар (60 кг), Ердәулет Бозша (66 кг), Бақытжан Әбдурахманов (73 кг) және Марат Байқамұров (100 кг) сынды татами шеберлері бар.