• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
18 Сәуір, 2025

Көкшетау-Зеренді бағытында үш жолақты жол салынады

0 рет
көрсетілді

Еліміз бойынша алғашқы үш жолақты реверсивті жол осы бағытта салынады. Басты мақсат курортты аймаққа қатынайтын күре жолды кеңейту, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінде жолдың 47 шақырымын кеңейту жұмыстары қолға алынған. Жобаның жалпы құны 4,6 миллиард теңге. Бұрынғы ені жеті метр жол, 11 метрге дейін кеңейтіледі. Оның бір жолағы реверсивті болады. Мердігер компанияның өкілі жолды жөндеуге қажетті материалдардың барлығы бар, жұмысты тап-тұйнақтай етіп жыл соңына дейін аяқтаймыз деп сендіріп отыр.

«Қазір кеңейту жұмыстарын бастап кеттік. Топырақты сырып, қиыршық тас төсейміз. Жолдың бетін мейлінше нығайтып, бекітеміз. Курортты аймақ болғандықтан көлік  саны көп.  Сондықтан барлық жұмысты сапалы атқаруға тырысамыз», дейді «Көкшетау автодор» серіктестігінің атқарушы директоры Рустам Бадалян.

Биыл Ақмола облысында жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 109 миллиард теңге бөлінбек. 800 шақырымнан астам жол жаңартылмақ.